АҚШ-тың Орталық Барлау Агенттігіне (CIA) жаңа жетекші келмек. Байден ұсынған аталған маңызды барлау ұйымын басқаруы мүмкін деген болжамдар бар. Байден ұсынған Уилям Бернстің бұрын Ресейде елші болғаны ақпарат құралдарының назарын аударып отыр.
Уилям Бернс 2005-2008 жылдар арасында Құрама Штаттардың Ресейдегі бас елшісі болған. Орыс пен араб тілінде жаттық сөйлейтін дипломат өзінің Ресейдегі қызметі кезінде Путин мен оның айналасындағы мемлекет жетекшілерімен жақсы таныс болған делінеді. Ақ үй жетекшісі Байден оны Орталық барлау агенттігіне ұсыныс еткеннен кейін танымал әрі ықпалды басылым The New York Times басылымына мәлімдеме сипатты мақала жариялапты. Бұл жазбасында Бернс Ресей мен Қытайдан келетін қауіп-қатерлерге баса көңіл бөлу туралы ескерту жасаған.
Қазір АҚШ Сенаты Бернстің кандидатурасын қарастырып жатыр. Оның жазбасының мазмұны мен Байденнің ұсыныс етуіне қарай отырып, алдағы уақытта АҚШ барлау қызметін басқаруы бек мүмкін деп отыр. Танымал басылымда ол Ресейді «держава атағынан айырылып қалған ел» алайда «әлі де қауіп қатерге ие» деп бағалапты. Ол өсіп келе жатқан және кейін кеткен «державалардың» қатері ұқсас екенін, бұл әсіресе кибер шабуылдар арқылы көбірек көрініп жатқанын айтқан.