Коронавирустың мутацияға ұшыраған басқа түрі (В1525) бірнеше елде тіркелді. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Дания, Нигерия, Австралия және Иордания бар.
The Guardian мәліметінше, жаңа штамның бразилиялық және оңтүстікафрикалық вирусқа тән қаупті блгілері бар. Эдинбург зерттеушілері бұл дерт антиденеге де төзімді екенін анықтаған. Енді Еуропа елдерінің денсаулық сақтау қызметтері екпе жұмысын күшейтуге шақырып отыр. Бұл індетті тездетіп бақылауға алуға мүмкіндік береді дейді сарапшылар.
Еуроодақта 453 миллионнан астам халық тұрады. Әзірге 8,5 миллион адамға екпе салынған. Олар негізінен – дәрігерлер, әлеуметтік қызметкер және егде жастағылар. Пандемия басталғалы Еуроодақ елдерінде 19 миллионға жуық адам коронавируспен ауырып, 450 мың адам көз жұмған.
Былтыр желтоқсанда дәрігерлер Ұлыбританиядан SARS-CoV-2 коронавирусының әлдеқайда тез тарайтын жаңа мутациясын тапты. Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустың жаңа түрінің жұғу жылдамдығы 70%-ға жоғары. Әзірге оның ауру формасы мен өлім көрсеткіші бойынша қауіпті екеніне қатысты дерек жоқ. 2020 жылдың қазан айында Оңтүстік Африка Республикасында 501.V2 штамы бар басқа мутация табылған. Қазір коронавирустың бұл түрі Оңтүстік Африкада кең таралып жатыр.
Ресми мәліметтер бойынша, Еуропа мен АҚШ-та екпе ретінде қолданыла бастаған «РНК-екпелердің» бір артықшылығы бар, яғни, компаниялар екпенің көмегімен түзілген антиденелер қажет болған жағдайда вирустың жаңа штамдарына оңай бейімделе алады деп сендіріп отыр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы