Әлемге танымал Samsung Electronics компаниясының вице-президенті пара беру айыбымен екі жарым жылға сотталды. Сеул соты шығарған үкімде 52 жастағы кәсіпкер елдің бұрынғы президенті Пак Кин Хэге пара беріп келген деген айып тағылған.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак бұған дейін пара алу айыбымен айыпталып, уақытынан бұрын қызметтен шеттетілген және қамауға алынған болатын. Сот шешімінде Samsung Electronics компаниясының жетекшісі Ли Жа Иоң президент Пактың жақын құрбысы басқарған қорға 37,7 млн АҚШ долларын аударғаны туралы айтылды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның «Ионхап» агенттігі хабарлады.

«Самсұң» компаниясының негізін 1938 жылы Ли Бион қалаған болатын. Содан бері Ли отбасының қарамағында. 1987 жылы Ли Бион көз жұмғаннан кейін баласы Ли Гон Хи компанияны өз басқаруына алып, әлемдік электроника алыбына айналдырған. 2014 жылы Ли Гон Хи инфракттан қайтыс болды. Содан бері компанияның атқарушы жетекшісі болып ұлы Ли Жа Иоң отырған.

Оңтүстік Корея заңының сыбайлас жемқорлыққа деген мәлімлесі қатал. Төрт жыл бұрын оның президент Пакке пара беруі бойынша іс қозғалып, Оңтүстік Кореядағы беделді отбасындағы әңгіме жалпақ әлемге тараған. Сот үкімі оны кінәлі деп тауып, қамау жазасына кескен. Нәтижесінде «Самсұң» акциясы төрт пайызға түсіп кетті.

“The Qazaq Times”