Жапония мен АҚШ өкілдері әскери базаларға жұмсалатын шығындарды бөлу туралы келіссөздердің бірінші отырысын өткізеді. Бұл туралы Жапонияның Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотеги мәлімдеді.
Мотеги мәлімдемесінде: «Келіссөздер Уашингтонда өткізіледі. Негізгі тақырып – Жапониядағы америкалық әскери нысандардың шығындарын бөлу. Бұл туралы келісім келесі жылы наурызда аяқталады. Біз базаларға бөлінген шығындар Жапония мен АҚШ-қа теңдей деп санаймыз», – деді.
Министр келіссөздердің нақты күнін нақтылаған жоқ.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Джон Болтон Уашингтон 2019 жылы Токиодан жыл сайын елдегі америкалық әскери базаларды ұстауға 8 миллиард доллар бөлуді талап еткенін айтқан. Бұл сома қазіргіден 4,4 есе көп.
Жапонияның биылғы бюджет жылында әскери базаларды ұстауға арналған шығындары 199,3 млрд иен. Яғни осы жылғы бағам бойынша 1,8 млрд доллардан астам. Жапония осы нысандарға байланысты барлық коммуналдық шығындарды төлейді, сонымен қатар олардың жергілікті қызметкерлерінің жалақысын алады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр