 
                                    БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирус жұқтырған науқастың арада бірнеше ай өткен соң қайта ауырғанын мәлімдеген. Бұл туралы ақпарат құралы жариялады.
«Бұл Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы жағдай. Алғаш рет әйел пандемияның басында коронавирус жұқтырған болатын. Ол сәуір айында еді. Екінші рет вирус тамыз айында анықталды. Науқас екі кезде де ауруханада емделді», – деді ол.
Бұл бүгінгі таңда COVID-19 коронавирусын қайта жұқтыру бойынша республикада ресми түрде расталған жалғыз жағдай. Соңғы дерекке сәйкес, өңірде 8,4 мыңға жуық адам ауырған. Оның 7064-і коронавирус, 1,4 мыңдайы коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Дегенмен бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мұны минстрлік қайта ауырған жағдай ретінде қарастырмайтынын айтады. Олардың сөзінше, пандемияның алғашқы кезінде тіркелген жағдайды дәрігерлер дұрыс диагностикалай алмаған. Десе де вице-министр қайталанған кейс қазан айының ішінде Қарағанды облысында тіркелгенін нақтылады.
Қазақстанда қазан айының ортасынан бері коронавирус жұққандар, сондай-ақ COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар едәуір артып келеді. Осыған байланысты бірқатар аймақтарда карантинді қатайту туралы шешім қабылданды. Кейбір қалалар мен облыстардың аумағына блок-бекеттер орнатылды.
Бған дейін бірқатар елдерде мамандар коронавирусты қайта жұқтыру туралы хабарлаған. Осыған ұқсас хабарды Гонконг және Нидерланды ғалымдары, қазан айында Өзбекстанда коронавируспен күрес жөніндегі жергілікті штаб мүшесі Наргиза Нуруллаева хабарлаған.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді