Нидерландыда коронавирустан екінші рет ауырған 89 жастағы әйел қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат көптеген елдерде қызу талқыланып жатыр.
Нидерланды ғалымдарының дерегінше, науқас бұрын коронавирусқа шалдығып, айыққан. Алайда екі айдан соң COVID-19 инфекциясынан қайта ауырған. Сырқаттың жағдайы бірнеше күн өтпей нашарлап, екі аптадан кейін ауруханада қайтыс болған. Ол бұған дейін қан жасушаларының ауруы және иммун тапшылығының жетіспеушілігінен қиналған.
BNO шетелдік ақпарат құралының Oxford университеті басылымына сілтеп жариялаған дерегіне сәйкес, қарт сырқат екі айда коронавирустан екі рет ауырған.
Бұған дейін Нидерландыда егде жастағы науқастың иммундық жүйесі әлсіреуі себепті қайта ауырғаны, сондай-ақ, 33 жастағы Гонконг азаматы Еуропадан оралған бойда қайта ауырғаны айтылған. ДДСҰ мұны антидененің уақыт өте әлсіреуімен түсіндіреді, бірақ бұл жиі кездеспеуі мүмкін. Десе де жаңа індеттің табиғаты жете зерттеліп болмағандықтан, нақты клиникалық мерзімін айта қою қиын.
Күзгі толқын қарсаңында ДДСҰ науқастар мен қайтқандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Өткен аптада 2,2 млн-нан астам адамнан вирус анықталса, 39 мыңдай науқас өмірден өткен. Джонс Хопкинс Университетінің дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда вирус жұққандар қатары 37,8 млн-нан, қайтыс болғандар саны 1,08 млн-нан асқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді