ЮНИСЕФ және үкіметтік емес ұйымдардың зерттетулері әлем бойынша 140 миллионнан астам баланың жетім екенін көрсетеді. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жаияланды.
Зерттеуге қарағанда көптеген елде болып жатқан соғыстар, қақтығыстар, қуаңшылық, жұқпалы аурулар салдарынан күніне 10 мыңға жуық бала ата-анасыз қалуда. Осыған қарағанда жыл сайын 3,5 миллион бала әкесіз немесе шешесіз қалады.
Ауғанстан, Ирак және Сирия секілді елдерде әкесіз немесе шешесіз балалардың көп болуы назар аударады.
Ауғанстанда шамамен 2 миллион, Иракта 5 миллион, Сирияда болса 1 миллионға жақын баланың не әкесі жоқ, не анасы жоқ, немесе әкесі де, шешесі де жоқ.
Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының есебінде күн сайын 5 жастан төмен 16 мың бала қайтыс болуда. ЮНИСЕФ деректеріне қарағанда 2015 жылы 5 жастан төмен 5,9 миллион бала соғыс, ауру, дәрі және тамақтану жетіспеушілігінен опат болды.
Еуроодақ полиция органы Европольдің зерттеуіне қарағанда 2015 жылы Еуропаға келген бір миллион босқынның 27 пайызы балалар. Айырықша Еуропаға ата-анасыз келген 10 мың баланың жоғалып кеткені де айтылып отыр.
ЕО Статистика кеңсесінің деректеріне қарағанда 2008 жылдан бері Еуропаға босқын болып келген жетім балалардың саны 198 мың шамасында.
Жалпы жастары 14-17 арасында болатын осы балалардың көбі Ауғанстан, Сомали, Эритрея, Сирия және Ирак сынды соғыс болған елдерден қашып Еуропаға келген.
Түркиядағы орталықтарда тұратын 82 мың сириялық балаға білім берілуде. Ұлттық Білім беру министрлігінің қолдауымен балабақшадан лицейдің соңғы сыныбына дейін 510 мың балаға мектепте оқу мүмкіндігі берілді. Бұлардың 245 мыңы уақытша орталықтарда, 183 мыңы мемлекеттік мектептерде білім алуда.
“The Qazaq Times”