Ресейде Дмитрий Медведевтің халық арасындағы рейтингі түсіп барады – деп жазады bbc.com сайты "Левада-Центра" әлеуметтік зерттеуіне сілтеме жасап.
Ақпан айында Ресей халқының 52 пайызы Дмитрий Медведевті қолдаса, наурыз айында бұл көрсеткіш 42 пайызға дейін төмендеген. Бұл Дмитрий Медведев жайында шыққан "Он вам не Димон" атты ақша жымқырғандығы туралы тараған материалдан кейін жасалған әлеуметтік сауалнама. Осыдан кейін Ресейдің Мәскеу, Петербор сынды ірі қалаларынан бастап бірнеше облыстарында жемқорлыққа қарсы шерулер өткен болатын.
Ал Владимир Путинді қолдаушылар саны 82 пайызды құраған. Саяси салмағы жағынан Путинді басып озатын саяси тұлға жақын аралықта Ресейде болмайтын сияқты.
“The Qazaq Times”


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?