Германияның Мюнхен қаласында орналасқан Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі 30 шілдеде Халықаралық Олимпиада комитетін Қытайдың 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге рұқсат беру туралы шешімін қайта қарауға шақырды.

Мәлімдемеде Қытай үкіметінің ұйғырларға қарсы «геноцид, азаптау және адамзатқа қарсы қылмыстар» белсенді түрде жасалып жатқандығын ескере отырып, Олимпиада комитеті Бейжіңді олимпиада ойындарын қабылдаудан шеттетіп, ұйымның және басқа тараптардың алаңдаушылығын ескеруі керек.

Бейжіңге 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге рұқсат беру «Олимпиадалық құндылықтар мен қағидаларды бұзады, сонымен қатар олимпиада рухына қарсы келеді» деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік ұйғырлар комитетінің төрағасы Долкун Иса: «Егер Халықаралық Олимпиада комитеті Қытай үкіметіне 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге рұқсат берсе, бұл – тарихтағы ұят шешім болады», – деді. Дүниежүзілік қауымдастық Бейжіңге құқық бұзу бойынша бірінші рет наразылық білдіріп отырған жоқ.

Ұйым сонымен бірге бүкіл әлемдегі құқық қорғау ұйымдарымен «Адам құқығы жоқ жерде – олимпиада жоқ» атты хаттамаға онлайн қол қоюға шақырды. Осы жылдың ақпан айында Швейцариядағы Спорт төрелік сотына (CAS) жүгініп, Қытайдан Олимпиада ойындарын өткізуге қатысты шешім шығаруды сұрады, бірақ бұған әлі күнге дейін ресми жауап алған жоқ.

Наурызда АҚШ шығарған «Адам құқықтары туралы ұлттық баяндама» Қытай билігінің Шыңжаңдағы исламға сенетін 1 миллионнан астам ұйғырды күштеп ұстау әрекетін «ғасырдың қылмысы» деп мәлімдеді.

Маусымда АҚШ президенті Трамп «Шыңжаңдағы адам құқықтары туралы 2020 жылға арналған актіге» қол қойды. Ол заң жобасы Қытай коммунистік партиясының Шыңжаңда концлагерьлер құрып, ұйғырлар мен басқа этникалық мұсылмандардың адам құқықтарын бұзғаны үшін айыптады. Қытай сыртқы істер министрлігі бұл заң «Қытайдың Шыңжаңдағы адам құқықтарына қатысты әдейі жала жауып, Қытай үкіметінің Шыңжаңды басқару саясатына кедергі жасады» деп мәлімдеді.

Франция сыртқы істер министрі Ле Дриан Қытайды лагерьлерді жауып тастауға шақырды және Қытайдан халықаралық тәуелсіз байқаушылар тобын Шыңжаңға тергеу жүргізуге рұқсат беруге шақырған болатын.

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше 22 мемлекет 2019 жылдың шілдесінде Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да этникалық топтардың кең көлемде тұтқындалуын сынға алып, Қытайдан БҰҰ мен тәуелсіз халықаралық бақылаушыларды Шыңжаңға кіргізуге рұқсат етуін сұраған.

"The Qazaq Times"