COVID-19 инфекциясы көбіне төменгі тыныс жолдарына әсер етеді және вирус жұқтырған науқастардың 20%-ына жуығында өкпеге дендеп енеді. Ал жағдайы өте ауыр науқасты дереу реанимацияға жатқызып, оған өкпені жасаны желдету аппаратына (орысша ИВЛ – QT) қосу қажеттігі туады.   

Желдету аппаратының классияфикациясы мына параметрлер бойынша жіктеледі:

  • науқастың жасына қарай (1 жасқа дейінгі нәрестелер, 1-6 жас аралығындағы және 6 жастан асқан балалар);
  • әрекет ету әдісіне байланысты (тыныстаудың электрлі стимуляторы, ішкі-сыртқы қолданысқа арналған құрылғылары);
  • тасымалдау-жеткізу түрі бойынша (электрлік, қолмен, пневматикалық, аралас);
  • басқарылуына қарай (микропроцессормен немесе басқаша).

Өкпесі өздігінен тыныстауға, көмірқышқыл газын шығаруға қиналатын пациенттер аталған құрылғысына мұқтаж. Мұндай жағдайда аппарат тыныстау жүйесін сүйемелдейді.

Егер науқас дер кезінде құрылғыға қосылмаса, онда ішкі ағзалар оттегі сіңіре алмауының салдарынан жүрек әлсіреп, қан айдауы тоқтап, бірнеше минутта жан тапсыруы мүмкін.

Аппарат оң қысымды желдету принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл өкпеге оттегі ауасын айдап, одан сұйықтық сорып шығарады. Қарапайым естілгенімен, іс жүзінде күрделі процесс. Қазіргі кезде ӨЖЖА құрылғысының пациент ахуалына қарай түрі көп. Мәселен, Pressure Controlled Ventilation, PCV аппараттары қысымды бақылап-реттеуге арналған.

ӨЖЖА құрылғысында жатқан адам не сезінеді?

Жасанды желдетудің екі әдісі бар: инвазивті және инвазивті емесі.

Жасанды тыныстаудың инвазивті емес түрінде науқастың бетіне нығыз бетпердені таңу арқылы аппарат желісі өкпеге жалғанады. Бұл кезде адамның тыныс жолдарындағы барлық қалыпты тыныстау қызметі табиғи күйде жүреді.

Ал инвазивті түрі біршама күрделірек. Мұнда пациенттің мұрны немесе ауыз арқылы трахеяға түтік қойылып интубацияланады.

Кей жағдайда қажетіне қарай трахеотомия деген хирургиялық ота  да жасалып жатады. Дәрігер трахеяға жалғанбалы түтікшені орнату үшін мойынның кеудеге жақын тұсын кесуге мәжбүр болады. Трахеяға орнатылған түтік ӨЖЖА-ға қосылады. Тиісінше жүйке импульсімен сәйкестендірілген құрылғы өкпеге оттегі беріп, көмірқышқылды айдайды. Алайда аппаратқа жалғанған адамдар сөйлеп не ішіп-жей алмайды. Бөлек түтік арқылы тамақтандырылады. Инвазивті желдету аса ауыр болғандықтан, науқастар әдетте анестезияның көмегімен уақытша не белгілі бір мерзімге дейін комаға түседі.

COVID-19 жұқтырған науқас аппаратта қанша уақыт жатады?

Науқастың аппаратта жату мерзімі оның өкпесі қаншалықты қабынуына, басқа ауруларының бары-жоғына, денсаулық жағдайына тәуелді. Орташа есеппен адам жасанды желдету құрылғысымен 2 аптадай жатады. Сондай-ақ аппаратта жату уақыты пациенттер арасында айтарлықтай айырмашылықта болуын есте ұстаған жөн. Механикалық желдету кейбір науқастарға бірнеше күн бойы, басқаларына 4 аптадан артық уақытқа қажет болуы ықтимал.

ӨЖЖА-ның техникалық сипаттамасы

Құрылғылардың сипаттамасы барлығында бірдей бола бермейді.  Тыныстау көлемі: ересектер мен балаларға арналған ӨЖЖА құрылғысының стандарты 20-2000 мл мөлшерінде. Тыныс алу жиілігі: ересектер мен балалардың жоғары жақта орналасқан құрылымында тыныстау жылдамдығы минутына 60-80 реттен кем болмауы керек. Дем алу-шығару (I: E)  қатынасына 2:1-1:9 коэффициенті жеткілікті. Триггер: қысым және ағын. Ағын триггерінің сезімталдығы 1-15 л/мин жылдамдығынан кем емес. Оттегі фракциясы: 21-100%.

"The Qazaq Times"