Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берді.
Тілшінің «Қазақстанда АҚШ әскери базасының салынуы мүмкін бе?» деген сауалына Тоқаев: «Қазақстанда Американың әскери базасын салу талқыланып жатқан жоқ және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салаларда табысты дамып келеді. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұдайы байланыстамыз. Оған қоса, біз Алматыдағы бұрынғы обаға қарсы институт базасында биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша да жұмыс істедік. Бірақ қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалықтар зертханадан кетіп, онда тек қазақстандық мамандар бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейді. Осы саладағы зерттеулердің өзектілігін ескере отырып, біз ресейлік мамандармен де тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», – деді.
Сонымен қатар Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийі қайталануы мүмкін деген болжамға президент «жалған сарапшылардың мұндай болжам жасауына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім, мұның бәрі Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттеріміз арасындағы тату көршілік, одақтастық қатынастарды бұзуға бағытталған болуы мүмкін. Мұндай болжамдарды тек біліксіз, өзгелердің көлеңкесіне жасырынатын адамдар ғана айтуы мүмкін», – деп жауап берді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды