ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсалатыны және қандай мақсатқа бағытталғаны жайлы мәлімдеме жасады.
Коронавируспен күреске тікелей бөлінген қаржы мәліметіне тоқталған министр, «бұл тұрғыда Президент жариялаған дағдарысқа қарсы шарларға қатысты емес. Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қаржы Үкімет резервінен үш рет бөлінді», - деді.
Осы орайда 29 қаңтардағы бірінші транш аясында 1 млрд 609 млн теңге, 21 ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ үшінші рет 25 наурызда 21 млрд 430 млн теңге бағытталды. Бұл қаржы дәрілік заттарды, медициналық жабдықтар мен зертханалық құралдарды алуға, сонымен қатар медициналық маска мен қолғап, қорғаныс киімдері мен тестілерге бөлінді.
Мұнымен қоса, бұл шығындар азаматтарды эвакуациялауға, шұғыл медициналық көмекке, дезинфекция заттарын алуға және басқа да қажетті шараларға негізделді. «Коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге үстеме төлем жасау мақсатында бюджетті нақтылауға өтінім жеке енгізілді», - деді Д. Абаев.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 386 адам болды. 1 сәуірде Қарағандыда бір адам вирустан көз жұмды. 26 адам дерттен айықты. Үш адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Ал әлем бойынша қауіпті дертке шалдыққандар саны 1 миллионға жуықтаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы