Қазақстан коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен келіссөзді тоқтатты.
«СК-Фармация» компаниясы басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев қазір Pfizer вакцинасын өндірушілермен келіссөз жалғасып жатқанын мәлімдеді. AstraZeneca екпесіне қатысты негатив көп болғандықтан, Қазақстан келіссөзді тоқтатқан.
Наурыздың соңында AstraZeneca компаниясы қайта тексерістен соң препараттың тиімділігін 85%-дан 79%-ға түсірген.
15 наурызда Нидерланд билігі AstraZeneca екпесінің жанама әсері туралы хабарланғаннан кейін, осы препаратпен халықты вакцинациялау процесін тоқтатып тастаған еді. Ал оған дейін Ирландия, Исландия, Дания және Норвегия осындай шешім қабылдаған болатын.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды