Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция митинг кезіндегі тәртіп бұзу әрекеттерімен күресуді жалғастырады.
Ішкі істер министрлігінің медиа порталы Polisia.kz-тің хабарлауынша, бас полицей Ерлан Тұрғымбаев ведомстволар мен аймақтық полиция басқармаларының басшыларымен кездесу барысында:
«Қазақстанның бірнеше қаласында санкцияланбаған митинг өткізу және оған қатысу әрекеттері тіркеліп отыр. Бас прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан кей азаматтар елімізде тыйым салынған экстремистік ұйымның ұрандарына сеніп, алаңға шығады. Олар көлік қозғалысына кедергі жасап, жолда коллапс туғызуға тырысады. Тәртіптің сақталуын қадағалап жүрген қызметкерлерге күш көрсетеді. Мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндіреді», – деді.
ІІМ басшысы сондай-ақ, Қазақстан полициясының басты міндеті – халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
«Полиция үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Заңға құлақ асатын азаматтарға алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ митингке жұмысқа барғандай баратын кей азаматтар алаңдатады. Олар арандатушылардың ықпалында, сондықтан бейбітшілік пен тұрақтылық – біздегі ең құнды нәрсе екенін, оны барынша бағалау керектігін түсінбейді. Сол үшін полиция алдағы уақытта да ел қауіпсіздігі үшін қызмет етпек. Қазақстан халқының тыныш әрі бейбіт тіршілігін қорғау – біздің негізгі міндетіміз», – дейді ол.
Ведомство басшысының айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу әрекетіне қарсы күресті жалғастыра бермек. Ол қарамағындағы басшыларға полиция қызметкерлерін заңға қайшы, арандатушылық әрекеттерден қорғауды тапсырды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел