Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мён Бак 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Сеулдің Жоғарғы соты экс-президентті 2008-2013 жылдары аса ірі көлемде пара алғаны және бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен қатар, 78 жастағы Ли Мён Бак $15,7 млн көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Прокуратура бұрынғы мемлекет басшысын автомобиль бөлшектерін шығаратын DAS компаниясының қаржысын қалтасына басты және президент болып тұрғанда Samsung Electronics-тен пара алды деген күдікке ілінген. Аталған компанияның акционері болған Ли Мён Бак бұған дейін де жемқорлыққа байланысты темір торға жабылған.
2018 жылдың 22 наурызында тұтқынға алынып, 5 қазанда Сеулдің Жоғарғы соты оны 15 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарғанымен, 2019 жылдың наурызында денсаулығына байланысты абақтыдан босатылған.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Оңтүстік Кореяның тағы бір экс-президенті Пак Кын Хе билікті теріс мақсатта пайдаланды және компаниялардан қаржы жымқырды деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті