Бірнеше ай бойы жалған жаламен қамауда болған журналист Амангелді Батырбековтің үстінен арызданушы Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтің өзіне қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін, 5 ақпанда облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың сөзіне қарағанда, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша («Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма») қылмыстық іс тіркеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан көрінеді.
Азаттық радиосы «Қазақстанның сөз бостандығының шектелуінің» символына айналған аймақтағы азаматтық беленді, журналист Амангелді Батырбеков «жәбірленуші ретінде көрінеу жалған ақпарат бергені үшін» шенеунік Әбдиевтің үстінен арыз жазғанын хабарлады.
Бұған дейін жергілікті әкімдік қызметкері Бақтияр Әбдиев «Сарыағаш-инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбеков «ар-намысыма тиіп, қорлады» деп Сарыағаш аудандық сотына шағымданған. Аудандық сот 2019 жылдың 23 қыркүйегінде журналисті Қылмыстық Кодекстің «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 27 айға қамауға жаза кескен болатын. Ал биыл 9 қаңтарда Түркістан облыстық соты Сарыағаш аудандық сотының үкімінің күшін жойып, Батырбековты ақтады.
Бұған дейін көптеген халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар жоғарғы инстанциялардан қамауда отырған журналист Батырбековты босатуды сұраған. Нақтырақ айтқанда, қазан айының соңында бұрын халықаралық «Шекарасыз тілшілер» (Reporters sans frontières/RSF) және «Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists/CPJ) ұйымдары Қазақстан билігін аймақтағы белгілі журналист Амангелді Батырбековті дереу босатуға, сөз бостандығын шектемеуге шақырды.
«Журналистерді қорғау комитеті» (CPJ) ұйымы «жала жабу және қорлау туралы қылмыстық заңдарын зайырлылыққа тән құндылықтармен жетілдіру керек, мұндай мәселелер азаматтық істер қатарында қаралуы тиіс» деген болатын.
RSF халықаралық ұйымының рейтингісінде Қазақстан сөз бостандығы бойынша 180 елдің ішінде 158-орында тұр. Сондай-ақ «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының есебінше, «Журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» реестрінде ХХІ ғасыр басталғалы бері, 2000 жылдың қаңтары-2019 жылдың қыркүйегі аралығында тілшілер жұмысына 839 кедергі келтіру фактісі тіркелген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі