АҚШ Иракка санкция салмақ. Оған парламенттің ел аумағынан шет елдік әскерлерді шығару туралы шешімі түрткі болған. Бұл туралы Ақ үй әкімшілігіндегі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, санкция салу арқылы АҚШ кәсіпкерлеріне Ирактың іскерлік тобымен жұмыс істеуге шектеу қойылмақ.
31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Америка бұл наразылықтың артында Иран тұр деп есептейді. Наразылық АҚШ күштерінің Ирактағы және Сүриядағы шабуылында шиит мұсылмандары қаза тапқаны туралы мәлімет тараған соң тұтанған еді.
3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежайға зымыран атқылап, ирандық әскербасы Касем Сүлеймани қаза тапты. Оқиға жауапкершілігін мойнына алғаннан кейін Уашингтон мен Теһран арасындағы соғыс ықтималдығы туралы айтыла бастады.
Бұл дауды жіті қадағалауға алған НАТО мен Еуропаның бірқатар елдері «үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туды» деп, Иранды келіссөзге шақырып отыр. Германия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Хайко Маас Еуропалық одақ шеңберінде тараптарды татуластыру үшін барлық шаралардың қабылданатынын айтты. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Раабтың айтуынша, АҚШ Касем Сүлейманиді өз азаматтарын қорғау үшін өлтірген.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті