Қазақстан Қырғызстанды Еуропалық одақтың «қара тізімінен» шығуға көмектеспек.
Еуропалық одақтың Қырғызстанды «қара тізімге» енгізгеніне 13 жыл болды. Еуропадағы қауіпсіздік стандартарына сәйкестендіру бойынша қойылған басты талаптың бірі – ұшқыштар дайындығы болатын. Сол себепті Қырғызстанның ұшқыштары Қарағандыдағы авиациялық-жаттықтыру орталығынан білім жетілдірмек.
Қырғыз авиациялық институтының директоры Улан Курманов: «Шетелдегі бірнеше оқу орнын қарастырдық. Атап айтсақ, Түркия, Балтық елдері, Ресей мен Қазақстан арасында таңдау жасаЛДЫ. Бағасы мен сапасы және біздің жағдайымызға сәйкестігі жағынан Қазақстанға тоқталдық. Қарагандыда мемлекеттік тапсырыспен ұшқыштарды дайындайтын оқу орталығы бар. Бізде ондай мемлекеттік тапсырыс жоқ»,– дейді.
Ресми мәліметтер бойынша, соңғы 3 жылда Қарағандыдағы авиациялық-жаттықтыру орталығы Қырғызстан үшін 19 ұшқышты дайындап шығарды. Олардың көбі өз елінде жұмыс істейді. Төртеуі ресейлік әуе компаниялардан жұмыс тапқан. Биыл күзде Қырғызстан «қара тізімнен» шығу бағдарламасының 29 бабын орындағаны туралы Еуроодаққа есеп берді. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, келесі жылы да Еуроодақ Қырғызстанды «қара тізімнен» шығармайды. Бұл үшін көп уақыт қажет.
Авиация мәселесін шешу мақсатында Қырғызстан үкіметі былтыр «ашық аспан» саясатын енгізген. Шетелдік әуе тасымалдаушылардан инвестиция тартқаннан кейін елде жаңа 4 әуе рейсі ашылған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы