Тоқаевтың «Қырым аннексиясын мойындамайтыны» туралы мәлімдемесіне Украина СІМ демарш жолдағаны белгілі. Қазақстандық қоғамның қызу талқылауына түскен оқиғаға президент кеңесшісі Ерлан Қарин де өз пікірін білдірді.
«Біз әлі де аймақтық (ауылдық) ойлау жүйесінен зардап шегіп келеміз. Ол біздің халықаралық және сыртқы саясат тақырыбындағы пікірталастарымыздан анық байқалып тұрады. Ұлттық мүдде тұрғысындағы жалған намысты бір сәтке ысырып қойып, шындап, осының қайсы бізге пайдалы немесе керісінше, біздің мүдделерімізге бұл сай емес қой деп ойланудан гөрі, біздің сарапшы аудитория үшін басқалардың біз туралы не ойлайтыны, оны қалай қабылдайтыны, ренжіп қала ма немесе ренжімей ме екен деген секілді мәселелер маңызды болып кетеді. Содан кейін де басқа елдің Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге дүрлігіп, жоқ жауды тақатып, ту-талақай болып шала бүлініп жатқандары. Әйтпесе барлық осы нота, демарш дегендеріңіз – керек кезде өз ретімен дипломатиялық тәртіп бойынша жасалатын әдеттегі жұмыстар, ол үшін түнекті төндірудің еш қажеті жоқ», – дейді ол тelegram-дағы парағында.
Қарин жүргізіп жүргеніне үш жылға жуықтаған тelegram парағындағы жазбалардың түгел дерлігі орыс тілінде жазады.
Ол қазақстандықтар прагматик болуы керек деп санайды.
«Шынымды айтсам, бұл бізді қызықтыратын соңғы мәселе болуы керек, біз прагматик болуымыз тиіс, ең бірінші кезекте басқалардың пікіріне емес, өз мүддемізге қарай бейімделуіміз керек, барлығына бірдей жағуға тырысудың керегі жоқ», – деп сөзін түйіндеді ол.
Германияға мемлекеттік жұмыс сапары қарсаңында президент Тоқаев Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатында Украинадағы оқиғаларға өзінің көзқарасы туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы «Қырымда болған жайтты аннексия деп айтпаймыз. Болатын нәрсе болды. Аннексия сөзі Қырымға қатысты қолдану үшін тым ауыр» деген болатын.
Кейін Украинаның сыртқы істер министрлігі Қазақстан президентінің бұл мәлімдемесіне демарш жолдап, Киевтегі қазақстандық консулды шақыртып арнайы кездесу жүргізген.