Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарына сәйкес алғашқы жиын өтіп, митинг туралы заң талқыланды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин хабарлады.
Жиында қаралған негізі мәселе – митинг туралы қолданыстағы заңды жетілдіру болды. Таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында және кеңестің алғашқы отырысында бейбіт митинг өткізуге рұқсат беру керектігін айтқан болатын. Осы ретте ұлттық кеңес мүшелері заңға өзгеріс енгізетін уақыт жеткенін, сондай-ақ бұқаралық сипаттағы іс-шараларды түрлеріне қарай жіктеп, бейбіт басқосуларды өткізуге рұқсат беру үрдісін жеңілдету керектігін айтқан.
Қазақстанда жыл басынан бері наразылық акциялары ай сайын өтуде. Ақпанда көп балалы аналар митингісінен басталған қарсылық акциялары маусым айында «президент сайлауына наразылық», қыркүйектің басында «Қытай экспансиясына қарсылық» митингілерімен жалғасқан. Әсіресе, 9,10,11,12 маусымда Алматы, Нұр-Сұлтан (Астана), Шымкент, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда кезектен тыс президент сайлауына қарсы ірі митингтер өткен. Оған мыңдаған адам қатысып, ақыры жаппай ұсталуларға ұласқан.
Былтыр шетелдік сарапшылар Қазақстан мен Ресейде алдағы жылдары әлеуметтік мәселелердің ушығуына байланысты халықтық толқулар жиілейтінін болжаған. Сонымен қатар, халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы қыркүйектегі ұстаулар мен тұтқындауларды сынға алып, президент Тоқаевтың «саяси реформалар жүргізу жайлы» сайлау кезіндегі уәдесіне байланысты елде реформа жасауға шақырды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел