№184 жарлық шыққалы бері қоғамда бұрынғыдан да күшті қарқынмен талқыланып жатқан «қос билік» тақырыбын жоққа шығаруға тырысып баққан ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қариннің бейне-түсіндірмесіне саясаттанушы, әлеуметтік желі қолданушысы Бауыржан Серікбаев пікір білдірді.
Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан
Ерлан Кариннің «Қос билік» туралы видеосын көріп шықтым. Бірінші аргумент ретінде Конституцияны келтіре бастағанда күлкім келе бастады. Екінші аргумент ретінде Елбасының билік Тоқаевта деген сөздерін келтіргенде «от души» күлдім. Конституция мен Елбасына кім сенеді қазір?.. Аргумент емес. Соңында 184 жарлықты айтып бұның бәрі 2018 жылы қабылданған шешімдердің нақтылануы деді.
Жалпы Каринмен келісемін. Қос билік бізде жоқ. Болмаған да! Елбасы билігі бар. Бітті! Бірінші президенттің билігі заманға сай модернизацияланып, түрленіп ешқашан сайлауға түспейтін, өмір бойы басқаратын жаңа деңгейге шықты. Тоқаев енді 4 жыл максимум отырар келесі сайлауда оң-солын танымаған басқасы келеді. Ол есін жинаймын дегенше басқасына ауыстырады. Осылай кете береді.
Екі ақсақалды қойшы. Жастардың елдің басын улап алдап сөйлегені ауыр тиеді екен. Қызметі ғой енді. Айту міндеті. Сондай сөзді айта алатын болғаны үшін де отыр сол жерде. Өтірікті шындай, шындықты құдай ұрғандай қылып сөйлей алмасаң өспейтін замандамыз...


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді