13 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Ақ үйде кездескен болатын. Жылдың ең басты кездесулерінің бірінде тараптар әлемдік мәселелерді, Сүриядағы операция мен босқындар жағдайын талқылады.
Кездесудің алғашқы күні тараптар үш сағат әңгімелесіп, ізінше баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Түркия президенті: «Алдымен, біз күрдтерге қарсы емес, лаңкестерге қарсы күресіп жатқанымызды айта кетейік. Өңірде қазір оқ атпау келісімі сақталып тұр. Бұл АҚШ-пен орнатылған келісімнің арқасы. Қазір 2,2 мың террористті қамауда ұстап отырмыз. Ал Сүрияның солтүстігінен 287 содырды ұстадық», – деп мәлімдеді.
Ақ үй басшысы Түркияға құны 100 млрд доллар болатын келісімге келуді ұсынды. Ердоған өз кезегінде келісім шарттары екі ел үшін де тиімді болса, қол қоюға қарсы емес екенін жеткізді. Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп: «Шынында бұл қалыптасқан жағдайға байланысты айтарым, Еуропа Түркияға қаржылай көмек көрсету керек. Себебі Түркияда 4 млн босқын бар. Оларды асырап-бағу үшін Анкара 40 миллиард доллар жұмсаған. Бұл сұмдық қой. Анкара өз қаражатын жұмсап, Еуропаға мигранттарды жібермей отыр», – деді.
Трамп келіссөздердің бірінші күнін жемісті өтті деп бағалаған. Кездесу нәтижесінде түркиялықтар америкалық Пэтриотты сатып алу үшін келіссөз Қазір Трамп әкімшілігі ресейлік С-400 зымырандарын пайдаланбауды талап етіп, оның орнына америкалық F-35 байланыс және қорғау құралдарын ұсынған. Егер Анкара Уашингтонның ұсынысына келіссе, F-35 көп мақсатты жойғыштарды құру бағдарламасына қайта оралып, рестрикциядан құтыла алады.