Түркия-Германия-Франция-Ұлыбритания төрттігі қатысатын Сүрия мәселесі бойынша саммит 3-4 желтоқсанда Лондонда өткізілмек. Бұл туралы Түркия президентінің ресми өкілі Ибрахим Калынның мәлімдемесіне сілтеме берген CNN Turk хабарлады.
Қазанның ортасында Франция президенті Эммануэль Макрон Германия, Ұлыбритания басшыларына Сүрия дағдарысы және НАТО-ға мүше Түркияның әскери операциясын талққылау туралы ұсыныс білдірген.
9 қазанда Түркия қауіпсіздік аймағын құру мақсатында Сүрияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» операциясын бастаған. Ресми Анкараның жоспарына сәйкес сүриялық босқындар осы аймақтан Түркияға орала алады. Дегенмен, Дамаск бұл операцияны «агрессиялық іс-қимыл» деп атаса, халықаралық қауымдастық Анкараның әрекетін айыптады.
22 қазанда Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Сочиде өткен кездесуде Сүрияның солтүстік-шығысындағы жағдайды реттеу бойынша бірлескен іс-қимыл туралы меморандум қабылдады. Ал 29 қазанда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу күрдтер өздерінің қарулы құрылымдарын қауіпсіздік аймағынан шығаруды аяқтады деп мәлімдеді. 1 қарашада Ресей мен Түркия әскери күштері Евфрат өзенінің шығысында алғашқы бірлескен тексеріс жүргізді.
Түркия әскери операция бастаған соң, АҚШ бірқатар түрік компанияларына санкция енгізген. Кейіннен тараптар өзара келісімге келіп, Уашингтон санкцияны тоқтатты.
Айта кетер бір жайт, 13 қарашада осы мәселеге қатысты Режеп Тайып Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамппен Уашингтонда ресми кездесу өткізуі керек. Трамп өзінің Twitter парақшасында Ердоғанмен кездесуді «асыға күтетінін» жазды.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр