Бүгін Алматы қаласында ІІ-халық құрылтайы өтті.
Жиынға оппозициялық саясаткерлер Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Жасарал Қуанышалин, Ермұрат Бапи және өзге де азаматтық белсенділер қатысты. Жиын барысында белсенділер саяси өзгерісті, Қытай экспансиясын тоқтатуды, қазба байлықтарды елге қайтаруды талап етті.
Құрылтайды ашқан Серікболсын Әбділдин жастардың таңдауы демократия болуы керек деп, оны жүзеге асыру үшін "Нұрсұлтан Назарбаевтан құтылу керек" екендігін айтты.

Бұдан бөлек Әбділдин қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары дұрыс екендігін, оны халық болып қолдау қажеттігін жеткізді.

Осыған дейінгі құрылтай президент сайлауы қарсаңында елордада өткен. Ол кезде құрылтайға қатысушылардың пікірі екіге бөлінген. Тоқтар Әубәкіров, Ринат Зайытов бастаған жиынға қатысушылар президент сайлауында Әміржан Қосановты қолдау қажеттігін айтса, қалған мүшелер сайлауға бойкот жариялауды қолдаған. Кейіннен ақын Ринат Зайытов өзінің алданғанын айтып, халықтан кешірім сұраған.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?