Қырғызстандық саясаткер Өмірбек Бабанов тергеуге алынды.
Жақында ғана Бішкекке қайтып оралған экс-премьер-министр Өмірбек Бабановты экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметі тергеуге шақырған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, тергеу төрт сағатқа созылған. Бабановтың сөзінше, ол тергеу кезінде банк ісіне қатысты сұрақтарға жауап берген.
Тергеу жұмыстарынан кейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен қаржы полициясы Өмірбек Бабановтың тексеріліп жатқан сегіз қылмыстық іске қатысы бар екендігін мәлімдеді.
Өмірбек Бабанов 2017 жылы болған президент сайлауынан кейін өзінің саяси мансабын аяқтайтынын айтып, елден кетуге мәжбүр болған. Осы уақытқа дейін Мәскеуде тұрған ол тамыз айының 9-ы күні Бішкекке қайтып оралған. Осыған дейін берген сұхбаттарының бірінде Бабанов: «Мен саясатқа емес, еліме қайтып оралдым. Елді, жерді сағындым» деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?