Ақтауда халықаралық туристік форум аясында Каспий маңы мемлекеттерінің бес жақты кеңесі өтті. Осы ретте Әзірбайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан өкілдері Қазақстанда бас қосып, Каспий теңізіндегі туризмді дамытуды талқылады. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта теңіз жағалауында бірлескен туристік бағыттар ашу жоспарланған. Бірлескен жоба аясында Каспий маңындағы бес мемлекет транзит, теміржол қатынасы, қоршаған ортаны қорғау және аймақтық қауіпсіздік салаларында өзара ынтымақтастық орнатқан болатын.

Былтыр 12 тамызда Ақтауда V Каспий саммиті өтіп, теңізде оқыс оқиғаларды болдырмау келісіміне қол қойылған. Құжат бес мемлекеттің әскери кемелері мен ұшақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Саммитке Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иран басшылары қатысып, тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді қарастырды. Сонымен қатар, басқосуда мемлекет басшылары бес жақтық үкімет аралық құжаттарға, сауда-экономикалық, қауіпсіздік, экология және транспорт салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қатысты құжаттарға қол қойылған. Қазіргі уақытта осы келісімді Қазақстан, Түрікменстан және Әзербайжан ратификациялады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келісімге жоғарыда аталған бес мемлекет 20 жылдан астам уақыт бойы белігі бір келісімге келе алмаған Оған басты себеп Каспий жағалауында орналасқан Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Иранның теңізді өз ара бөлісе алмауы. Негізінен Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау жұмысы 1996 жылдан бері жүрген. Конвенция жобасын 2017 жылы Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесуі барысында бекіткен. Аталған келісім бес елдің теңізшілері мен ұшқыштары арасында достық қатынатысты нығайтып, Каспий теңізінде кемелердің соқтығысуын болдырмауға арналған халықаралық ережелердің енгізілуін тездетті.

"The Qazaq Times"