Бүгін, 27 тамыз Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот істерінің судьясы аймақ әкімінің орынбасары болған Серік Аманғалиевке қатысты жемқорлық айыбы бойынша сот үкімін шығарды.
"инАктау" өңірлік ақпарат қызметінің хабарлауынша, Аманғалиев өткен жылдың 3 қарашасында Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның қатысуымен Ақтау халықаралық әуежайында чех құрылыс компаниясынан Мұз сарайын салу жобасына байланысты уәделескен 400 мың эуроның 115 мыңын алу үстінде қолға түскен. 2017-2018 жылдары әкім орынбасары қызметінде болған экс-шенеунікке сот ҚР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемде пара алу» 366-бабына сай, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар, ол өмірбойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға, мемлекеттік органда жұмыс істеуге және мемлекеттің үлесі бар компанияларда және екінші деңгейлі банктерде қызмет атқара алмайды. «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айырылған экс-орынбасар жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтейтін болады.
19 шілдеде соты басталған Аманғалиев 22-сі күнгі соңғы сөзінде өзінің 35 жылын мемлекетке қызмет етуге арнағандығын, осы уақыт аралығында алғаш рет жаңылысқанын және асырауында қарт ата-анасы бар екенін алға тарта отырып, судьядан «бас бостандығын шектеу жазасын қолданбауын» сұрап, айыппұл түрінде жазалауын айтып еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел