Қырғызстанның 43 пайыздан астам халқы өзінінің әлеуметтік жағдайына разы емес. Бұндай зерттеу нәтижесін елдегі «Демократия және азаматтық қоғам үшін» коалициясы жариялаған.

Аталған ұйымның өкілі Ақылбек Есенқұлов BBC-ге берген сұхбатында, өз өмір сүру шарт-жағдайына разы емес 43 пайыздан көп азаматтың басым көбі Бішкек қаласында. Елдің орталық қаласында сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы өзінің әлеуметтік әл-ауқатына қанағаттанбайды. Өзінің өмір сүру шарт-жағдайына разы қырғызстандықтан пайызды ұстайды. Сондай-ақ, ұйымның мәлімдеуінше, ел азаматтарының 6 пайызы Қырғызстаннан кетіп қалғысы келеді.

Арнайы сауалнамаға қала, облыс орталықтары және ауыл тұрғындары болып 18 жастан жоғары 1639 адам қатысқан. Өңірлер бойынша салыстырғанда Баткен және Ош тұрғындары өз әл-ауқатына көбірек қанағаттанады.

«Демократия және азаматтық қоғам үшін» деп аталатын ұйымның көрсеткен қорытындысына сәйкес, елден шығып кеткісі келетіндердің көрсететін басты себебі – жұмыссыздық және жалақының төмендігі.

Ел тұрғындарының өмір сүру шарт-жағдайына қатысты арнайы сауалнамалық зерттеу Қырғызстандағы аталған ұйым жағынан алғаш рет өткізіліп отыр. Олардың болжауынша, жағдай осылай жалғаса берсе Қырғызстанның сыртқы миграциясы тоқтаусыз көбейе бермек.

“The Qazaq Times”