Әндіжан облысы Асака ауданындағы мектеп оқушыларынан лимон өсіретін жылыжай салу үшін бес мың сумнан жинап жатыр деп хабарлайды наразы ата-аналар. Халықтық білім берудің Асака аудандық бөлімшесі түсініктеме бергілері келмейді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Асака ауданының №52 мектеп оқушысының анасы мұғалімдер ақша жинауды тағы бастады дейді. "Менің балам бірінші сыныпта оқиды. Енді бізден мектеп аумағына лимон өсіретін жылыжай салу үшін ақша талап етіп жатыр. Ұлымның мұғалімі бір жапырақ қағаз беріп жіберіпті. Онда 5 мың сум беріп жіберуді сұраған. Біз, ата-аналар президенттің лимон бағы неге мектептің есебінен салыну керек деп таңқаламыз", - дейді ол.
№59 орта мектеп оқушысының әкесі соңғы айда мектепке 55 мың сум жұмсағанын айтады.
– Олар ата-аналардан Буквар мерекесі үшін 15 мың сум жинады, 8 наурыз деп тағы 15 мың сум алды, мұғалімдерге дастархан жаю үшін деп 5 мың сум алды. Мұнан бөлек ай сайын мектеп қорына 7 мың сум бөлеміз. Енді балаларымыздан лимон бағының құрылысына ақша сұрап жатыр. Не деген шектен шыққандық?!, – деп шағымданады оқушының әкесі.
Мектеп мұғалімі ата-аналардың шағымдарынан кейін, халықтық білім берудің аудандық бөлімшесінің меңгерушісі өзімізден түсініктеме талап етті дейді. "Бастапқыда ауызша бұйрық береді, ақша жинаңдар деп. Кейін жауапкершіліктен қашып, мұғалімдерден түсініктеме алады. Бірақ "бәрібір ақша жинауды жалғастырыңдар" дейді. Соңында әрине барлық жаланы мұғалімдерге жабады", – дейді ол.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?