Қазақстан Үкіметі 2019 жылға арналған бюджет жобасын бекітіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлсіз әлеуметтік топқа жататын азаматтарды қолдау туралы тапсырмасы бойынша шығындарды есептеді.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов қаржылық қолдау бюджеттің белгілі бір бөлігін қайта қарастыру арқылы жүзеге асырылатын болады деп мәлімдеді. Бюджет жобасында Үкімет қорын 72,9 млрд теңгеге арттыру көзделген. Оның бір бөлігі Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарын жоюға бағытталмақ. Жұмыспен қамту, көпбалалы отбасылар мен жас отбасыларды қолдауға 138,6 млрд теңге бөлінеді. Жұмыспен қамтуға бөлінетін 50 млрд теңгенің ішінде «Енбек», «Бастау Бизнес» сияқты бағдарламалар қамтылып, белгілі бір әлеуметтік топ несиелендіріледі. Сонымен қатар, тікелей инвестициялар қорын қоруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен іске асырылмақ. Министрдің айтуынша, мемлекет басты борышты өтейтін болады. Осы бағытта аударылатын 300 мың теңгеге дейінгі сыйақылар да жабылады. Бұл мақсатта 88,5 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Ә.Смайылов сөзінде: «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы әзірленді. Бұл арада осы жылдың сәуір айында түзетілген 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сақтай отырып өзгерту ұсынылды», – дейді. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады: түсімдер - 10 трлн 569 млрд теңге, шығындар - 11 трлн 933 млрд теңге, тапшылық - 1 трлн 365 млрд теңге.

"The Qazaq Times"