Air Astana ұшағы Мәскеудің Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде: «28 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС 942 рейсін орындаған ұшағы екі генератордың бірінің істен шығуы салдарынан жұмыс істемей тұрған ҚКБ (қосалқы күштік бекітпе) жағдайында Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де шұғыл түрде қонды. Қазіргі уақытта ақауды табу және оны жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұшақтың ішінде болған 93 жолаушының бәрі де «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» қосымша рейсі арқылы Мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09:50-де ұшып шығады», – делінген. Мәлім болғандай, ұшақтың қонуы штатты түрде өтті.
Бірнеше күн бұрын Ташкент-Алматы бағытындағы рейсті орындап келе жатқан Air Astana ұшағы қымтау жүйесіндегі ақауға байланысты Шымкентке қонуға мәжбүр болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы