Ядролық державалар өз арсеналдарын жаңартуда.
Стокгольмнің әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметі бойынша, соңғы уақыттары державалар ядролық арсеналын модернизациялауда. SIPRI сарапшысы Шеннон Кайлдың сөзінше, АҚШ өзінің ядролық арсеналын билік басына Дональд Трамп келгелі бері жоғары қарқынмен жаңартуда.
2018 жылы әлем бойынша ядролық оқтұмсықтар саны 4 пайызға азайған. Бірақ жаһандық ядролық арсеналдың 90 пайызына ие Ресей мен АҚШ әзірге өз иелігіндегі қару-жарақ санын азайтпаған. Олар тек қазіргі заманда пайдалануға қажеті жоқ оқтұмсықтарды ғана істен шығарған.
SIPRI есебінше, 2018 жылы әлемде 14 465 ядролық қару болған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 13 865-ке дейін қысқарған. 1980 жылдардағы қырғи қабақ соғыс тұсында әлемде 70 000 ядролық қару болған.
Қазіргі таңда Ресейдің иелігінде – 6500, АҚШ-та – 6185, Францияда – 300, Қытайда – 290, Ұлыбританияда – 200, Үндістанда – 140, Пәкістанда – 160, Израильде – 90 ядролық оқтұмсық бар. Бұдан бөлек, Солтүстік Кореяда шамамен 10-20 ядролық оқтұмсық болуы мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?