Бас прокуратура наразылық акцияларына байланысты мәлімдеме жасады.
Ведомстваның хабарлауынша, минтинг кезінде бірқатар адамдар заңдық талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, арандату әрекеттерін жасау арқылы бейбіт тұрғындарға, әйелдер мен балаларға қауіп төндірген. Осыған байланысты қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шараларды қолданған.
«Арнайы құралдар пайдаланылған жоқ. Заң бұзушылар полицияға әкелінде және сот шешімімен әкімшіліктік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз, тыйым салынған ұйымдардың акцияларына қатысу әкімшілік заңбұзушылық кодексінің 488 бабы бойынша және ҚР Қылмыстық Кодексінің 400, 405 баптары бойынша жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары алдағы уақытта да осы сияқты тәртіпсіздіктерді заң аясында тоқтататын болады» - делінген Бас прокуратура таратқан мәлімдемеде.
Кеше Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро мен «Адам құқығы жөніндегі хартия» ұйымдары Нұр-Сұлтаннан наразыларды ұстау кезіндегі полиция әрекетін талдап, баға беру үшін тәуелсіз комиссия құруды талап еткен.
11 маусымда жарияланған бірлескен мәлімдемеде ұйымдар "9-10 маусымда наразылық акциялары кезінде азаматтардың құқығы жаппай бұзылды. ІІМ ұсталғандар санын азайтып көрсетті" деп жазылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, 9 маусымда Алматыда полицейлер себебін түсіндірместен кем дегенде 360 адамды қалалық полиция департаментіне апарған, жүздеген адамды уақытша ұстау изоляторларына жеткізген.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі 9-10 маусымда Алматы мен Нұр-сұлтанда 700-дей адам ұсталғанын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?