ҚР Ішкі істер министрлігі сайлау кезіндегі қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері туралы ресми мәлімдеме жасады. ІІМ ресми сайты арқылы таратқан мәлімдемеде, 9 мың 903 сайлау учаскесінде ешқандай тәртіп бұзушылық болмады деп көрсеткен. Ресми мәлімдемесі мынадай: 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, полиция, Ұлттық Ұлан және ІІМ-нің басқа да бөліністерінің күштерімен президенттік сайлау кезінде азаматтардың еркін дауыс беруіне мүмкіндік туғызған қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп деңгейі қамтамасыз етілді.

9 903 сайлау учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында сот тыйым салған "ҚДТ" экстремистік ұйымының белсенді жақтастары өздерінің шетелдік басшыларының нұсқауымен сайлау кезінде қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыру үшін заңсыз митингілер ұйымдастырды.

"ҚДТ" белсенділері әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жаппай насихат жүргізу нәтижесінде осы құқыққа қарсы акцияларға азаматтарымыздың көп бөлігін тартып, сол арқылы оларды құқық бұзушылықтар жасауға итермеледі.

Тыйым салынған ұйым белсенділерінің іс-әрекеттері нәтижесінде 9 маусымда бірқатар азаматтар еліміздің заңдарын бұзды және ол үшін жауапқа тартылды.

10 маусымда әлеуметтік желілер, "ҚДТ" белсенділерінің чаттары мониторингінің нәтижелері бойынша "ҚДТ" басшыларының нұсқауларынан олардың деструктивті әрекеттерді тоқтатпайтынын және халықты рұқсатсыз митингтерге шығуға қайта шақыратынын түсіну қиын емес еді.

Сонымен қатар, "ҚДТ" чат белсенділерінің арасында кептелістер мен көлік коллапсын ұйымдастырудан бастап тәртіп сақшыларымен тікелей қарсы тұруға дейінгі жаңа арандатуларды пайдалану мүмкіндіктері ұсынылды, талқыланды.

Осыны назарға ала отырып және жақын арада тастарды, таяқтарды және перц баллондарын пайдалану жағдайлары атап өтілгендігін ескере отырып, қалалар мен облыстардың Өңірлік штабтары өз акцияларын өткізу үшін "ҚДТ" басшыларының құлақтандырылған орындарға адамдардың кіруін шектеу туралы шешім қабылдады.

Құқық қорғау органдары аталған жерлерде қолданған алдын алу шараларына қарамастан, "ҚДТ" белсенділерінің жекелеген топтары заңсыз митингтерді ұйымдастыруға тырысты.

Тиісінше олар ІІО-ға жеткізілді және олардың бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тартылғандардың барлығын Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьялары соттады, ал елдің заңнамасына сәйкес ІІО сот актілерін орындауға, адамдарды арнайы мекемелерде ұстауға, олардың күзетілуін қамтамасыз етуге және  айдауылдауға міндетті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

“The Qazaq Times”