Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында фундаменталды құқықтардың бұзылғанын растады. Бұл туралы аталған ұйымның бақылаушылар миссиясының жетекшісі Георгий Церетели мәлімдеген.
Церетели сөзінде: «Сайлау кезінде елдің ірі қалаларында өткен наразылық шараларының қауіпсіздік күштері жағынан күшпен басылып, бірқатар адамдардың қамалғанын айта кету керек. Бұндай жағдайлар үкіметтің қадірін кетіреді және елдің репутациясына кері әсер етеді», – деген.
Қазақстандағы наразылық акциясына қаратқан үкіметтің позициясы мен әрекеті әлем ақпарат құралдарында да көбірек айтылды. BBC, VOA секілді әлемдік ақпарат құралдарының жазбағаны кемде-кем. Олар бір-біріне сілтеме жасап, 9 маусымның өзінде 500-ден астам адамның қамауға алынғанын, олардың арасында БАҚ өкілдері де бар екенін көбірек айтуда.
Президент сайлауының жеңімпазы Тоқаев наразылық шаралары туралы пікірінде: «Иә, шынында Алматы және орталық қалада өз көзқарасын білдіру үшін бір қатар азаматтарымыз көшеге шықты... Өз ойын еркін білдіру туралы айтар болсақ, Қазақстанда бұған толық еркіндік бар. Алайда, бұл азаматтар сырттан келген ақпараттарға алданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірді», – деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?