Бүгін әлеуметтік желілерде азаматтық белсенді Сәуле Әбілдаханқызының ұсталғандығы жөнінде ақпарат тарады. Осыған байланысты біз Әбілдаханқызы мен адвокат Абзал Құспанға хабарласып, мәселенің мән-жайын білдік.
Сәуле ханым «The Qazaq Times» порталының тілшісіне екі машинамен полиция қызметкерлері өзін Наурызбай ауданының ІІД алып бара жатқандығын және өзінің үстінен Арғынова Гүлдана есімді азаматшаның арыз жазғандығы жөнінде айтты.
Адвокат Абзал Құспан "Сәуле Әбілдаханқызының үстінен қозғалған қылмыстық істің саяси астары бар" деп есептейді.
«Сәуле Парижге барғанға дейін оның үстінен ешқандай арыз түспеді. Ол сонда барып келгенен кейін арыз жазушылар көбейді. Бұның саяси астары бар деп есептеймін. Мен қазір басқа қаладамын. Бірақ Сәулені қорғауға менің адвокаттарым барады. Мен өзім де алдағы уақытта сонда барамын» - деп мәлімдеді Абзал Құспан.
Естеріңізге салайық, мамыр айында Сәуле Әбілдаханқызы бір топ оппозиция өкілдерімен бірге Франция астанасы Париж қаласына барып, Қазақстанның экс-премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен кездескен. Кездесу барысында Қазақстандағы билік транзиті, президент сайлауы ЖСДП «Ақиқат» партиясының алда келе жатқан парламент сайлауына дайындығы жөнінде талқылаулар болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?