«Әлемді шеңгеліне ұстап тұрған» 130 адам Швейцарияда бас қосты. Жиынға әлемнің бизнес, финанс және ақпарат саласының ең жоғары өкілдері жиналған. 4 күнге созылатын жиналысқа бірде-бір журналист кіргізілмеген. Сондықтан, онда не туралы әңгіме болғанын, не тақырыпта өткенін ешбір ақпарат құралдары тарата алмайды.
Бұл құпия бас қосу – танымал әрі таласты да сырлы Билдерберг клубының (Bilderberg Group) жиналысы. Оның және «Дүние элитасы» деген де аты бар. Арасында Трамптың күйеу баласы Жаред Кушнер, Google компаниясың төрағасы Эрик Шмидт, Microsoft компаниясының Сатья Наделла және АҚШ-тың бұрынғы мем. хатшысы Генри Киссинжер қатарлы танымал тұлғалар да бар. Өзге елдердің жоғары лауазымдылары, «долларбайлары» да шақырылмаған. Сондай-ақ, танымал іскерлерге ғана арналмаған.
Қашан құрылған еді?
Аталған топтың алғашқы жиыны 1954 жылы болған. Бірақ, ол тұста АҚШ пен Еуропа қарым-қатынасын ретке келтіріп, Үшінші дүниежүзілік соғысты болдырмау мәселесі талқыланған екен. Соның өзінде ұйымның түзімі мен оның жоба-жоспарлары, айтылған әңгімелері мүлде құпия ұсталады. Олардың жиындарына қатысқан бірде-бір журналист болған емес. Ең қызығы ұйымның арнайы сайты бар, бірақ одан қандай да бір мәлімет алу мүмкін емес. 30 жылдан бері жаңартылмаған сайтқа ұқсас деуге болады.
Дей тұрғанмен, бұл сырлы ұйым журналистерді өзінек көбірек баураған. Клуб туралы құпияны ашу үшін аз болмаған журналистер ат терлетіп көріпті. Алайда, әр реткі жиындарына тұмсығын да сұға алмай, талайының тауы шағылған. Бар тапқан табысы – жиын өтіп жатқан жерді сыртынан түсірген бірнеше парша суреттер ғана болған екен. Соның өзінде журналис Жон Ронсон өзінің зерттеулері нәтижесінде «Олар» атты кітап жария еткен. Аталған еңбегінде ол 1970 жылдары Британияның қорғаныс министрі болған Денис Хилиді ұйымды құрушылардың бірі деп көрсетеді. Хилимен сұхбаттасқан Ронсон оның ұйым туралы «әлем үшін ең пайдалы жиын» деген бағасын қуаттайды.
Билдерберг клубының ықпалы
Бұл клуб туралы әлем ақпарат кеңістігінде нақты тиянақ жоқ. Бірақ, әлем елдерінің үлкен саясат аренасында аса ықпалды екені белгілі. Айталық, 1991 жылы Билл Клинтон осы жиынғы шақырылды. Ал, соның келесі жылы ол Америка Құрама Штаттарының 41-ші президенті болып сайланған. 1993 жылы аталған бас қосуға қатысқан Тони Блэр бір жылдан кейін өзі мүше болған партияның басшысы болса, 3 жылдан кейін Британияның премьер-министрі болып бірақ шыққан.
Билдерберг клубы дүние элитасының ең маңызды мәселелерін талқылайтын платформа қатарында айтылып келеді. Алайда, бұған сын айтушылар қатары көп. Олар аталған клуб мүшелері тек бір-бірінің жеке мүдделері үшін көмек беріп, әлемдік демократияның орнығуына кері әсер етіп отыр деп сынайды. Тіпті, жаһандық финаныс дағдарысын да аталған клуб мүшелері арнайы ұйымдастырған деп қарайды. Тіпті, америкалық танымал теле-жүргізуші Алекс Жоунздің Билдерберг клубы туралы: «Сіздер өздеріңіздің тасбауыр екендеріңізді білесіздер ме? Сіздер бұзық екендеріңізді білесіздер ме? Сіздердің күш-қуаттарыңыз үшін біз еріксіз сыйлаймыз», – деген пікірі бар.
Билдербергті қолдаушылар да көптеп кездеседі. Олардың пікіріне сенер болсақ, «Дүние элитасы» осындай жиналыста бүкпесіз әңгімелесіп, барлық сырды ортаға салып, шешу жолдарын талқылайды деп қарайды.
Билдерберг клубының ықпалы Дүниежүзі экономикалық форумында көбірек байқалады. Көздеген мақсаттары туралы да әркім әртүрлі пікірлер айтады. Кейбір сарапшылар оның басты мақсаты Батыс капитализмін, еркін сауда идеясын және Батыс мүддесін әлемге таратуға тырысады десе, кейбірі Билденберг Еуропа бірлігін көбірек қолдап, АҚШ-тың мүддесі мен еркіндігін шектегісі келеді деп қауіптенеді. Ал, енді бір көзқарастағылар клуб еркін сауда арқылы ашынған оңшылдарды билікке алып келуге әрекет етеді деп санайды.
Бұл жиналысты бұған дейін де аңыз болып айтылып жүретін, «әлемді шеңгелдеп отырған» әулеттер, «Масон», «Сион» қатарлы мистика мен құпия араласқан топтармен байланыстыратындар да бар.