Израиль парламенті Израиль мемлекетінің ұлттық сипаты туралы даулы заң қабылдады. Аталған заңға 62 депутат дауыс беріп, 55-і қарсы шыққан. Бұл туралы DW агенттігі хабарлайды.
Заңда "Израиль — еврей халқының тарихи отаны, ұлттық өзін-өзі тану құқығына тек еврей халқы ие. Ал иврит тілі — мемлекеттің бірден-бір ресми тілі болып табылады. Иерусалим — ел астанасы. Ал, еврей елдімекендерінің дамуы мемлекеттік маңызды міндет болып саналады. Сонымен қатар, араб тілі болашақта мемлекеттік құрылымдарда қолданылатын «арнайы мәртебе» алды" - делінген. «Израиль — бұл еврей халқының ұлттық мемлекеті. Біз барлық азаматтарымыздың құқығына құрмет көрсетеміз», - деген Израиль премьері Биньямин Нетаньяху заң қабылданғаннан кейін. Сонымен қатар, араб ұлтты депутаттар осы заңды нәсілшілдік деп атап, оның қабылдануын «демократияның жойылуы» деп санайтындарын мәлімдеді. Айта кетейік, араб халқы Израиль тұрғындарының шамамен 20%-ын құрайды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы