Еурокомиссия Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа құжат қабылдады.

Мамыр айның 15-і күні Еурокомиссия Орталық Азия елдерімен жаңа стратегиялық байланыс орнатуға байланысты құжат қабылдады. 16 беттен тұратын құжатта Еуроодақтың алдағы уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстанмен қарым-қатынаста нені көздейтіндігі жөнінде айтылған.

Құжатта «2015 жылы Брюссель мен Қазақстан қол қойған кеңейтілген әріптестік пен серіктестік туралы келісім Еуроодақтың аймақтағы жұмысының негізі болады» делінген. Қазіргі таңда Еурокомиссия Қырғызстан және Өзбекстанмен дәл осындай құжатқа қол қою жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Еурокомиссия Орталық Азия елдерімен байланыс орнатуға байланысты стратегиялық құжатын 2007 жылы қабылдаған. Бұл жолғы құжат сол кездегі стратегияны жаңарту болып табылады.

"The Qazaq Times"