Еңбек мерекесі қарсаңында Германия мен Францияда жергілікті халық билікке қарсы демонстрация өткізді.
Handelsblatt басылымының хабарлауынша, шеруге антифашисттер, веган қоғамының өкілдері, кәсіподақ мүшелері, климатты қорғаушылар сынды топтар қатысқан. Шеру Германияның Гамбург, Дуйсбург, Дрезден, Берлин қалаларында өтті. Наразы топ биліктен қолжетімді баспана, еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның ластануы мәселелерін шешуді талап етті. Халықтың басым бөлігі алдағы уақытта өтетін Еуропарламенттегі сайлау елдегі басты мәселелерді шешеді деп үміттеніп отыр.
Кезекті шеру Францияда да өтіп, оған кәсіподақ ұйымының басшылары мен жұмысшылар қатысты. Ең ауқымды шеру Парижде басталғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеті мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылды. Дегенмен, «сары жейделілер» тобы полицияға шабуыл жасап, салдарынан ірі қақтығыс орын алды.
Екі мемлекетте де бейбіт түрде басталған шеру тәртіпсіздікке ұласқандықтан, бірнеше адам тергеуге алынды. Шеру кезінде полиция көз жасаурататын газ қолданса, қарымта жауап ретінде шерушілер гранаталар лақтырған.