Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетуге «үш жыл дайындалғанын» айтты.
Бүгін елордада өткен «Нұр Отан» партиясының құрылтайында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты.
«Мен саналы шешім қабылдадым. Бұндай шешімдер бір күнде немесе бір айда қабылданбайды. Құпиясын ашсам, үш жылдан аса уақыт дайындалдым. Барлығын жан-жақты сараладым. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Осы уақытқа дейін барлығын тәрбиелеп, әрқайссына сенім арттым. Сөйтіп осындай таңдау жасадым және ол таңдауым дұрыс» - деп мәлімдеді Назарбаев.
Назарбаев партия сьездінде «Нұр Отанның» атынан 9-шы маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Оның бұл ұсынысын партия мүшелері бір ауыздан мақұлдады.
Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататыны жөнінде наурыз айының 19-ы күні мәлімдеген. Ол заң бойынша сайлау өткенге дейін президент міндетін Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратындығын айтқан. Тоқаев 20 наурыз күні ант қабылдап, мемлекет басшысы қызметіне кірісті.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды