Дер кезінде тәуелсіздік жарияладық, бірақ, 15 республиканың ең соңғысы едік, дер кезінде жекешелендіру жарияладық - жұрт жалаңаш қалды, дер кезінде Кодекс қабылдадық - жер тартысқа түсті, дер кезінде діни құрылтай өткіздік - кей діндарларымыз Сириядан бір-ақ шықты, дер кезінде Экономикалық Одақ құрдық - теңге тентіреп, рубльге жалтақтады, дер кезінде Конституция өзгерттік - екі президентті елге айналдық, енді "дер кезінде" деп тағы бір сайлау өткізбекпіз... Осы қазақ тойға да асықпай жиналушы еді ғой, ештеңені дер кезінде істемей-ақ қояйықшы.

"The Qazaq Times"