Ұлыбританияның Херефорд қаласында тұратын жеті жасар Хлоя Бриджуотер  Google директорына, өзін жұмысқа алуын өтініп, хат жолдаған. Бұл туралы afigenchik.ru хабарлайды.

Қаңтар айының ортасында 1000 кітап оқыған 4 жасар қыз туралы материалымызды ұсынған едік. Ал осы жолы небәрі жеті жасар қыз әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған Google  компаниясынаан жұмыс сұрап хат жолдаған. Хатында Бриджуотер бассейнде жүзумен қызығатындығын, роботтар коллекциясын жинайтындығын, оқу үлгерімінің жақсы екенін және болашақта Google компаниясы жұмысқа алады деп үміттенетіндігін жазған.

Фото: afigenchik

Арада 2 апта өткеннен кейін жеті жасар қызға Сундара Пичаидің (Google  компаниясының бұрынғы директор)өзі жауап жіберген:

«Сенің компьютерлерге қызығатындығың мені қуантады. Осы қалпыңнан айнымай, ізденісіңді жалғастыра бер. Осы қарқынмен оқып, еңбектенетін болсаң, біздің компанияның қызметкері ғана емес, Олимпиада чемпионы болуыңа да болады. Десе де, мектеп бітіргеннен кейін де осындай хат жібереді деген үміттемін».

Фото: afigenchik

Айта кетейік, Google — Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұрған компания айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 %), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие. Аталмыш компания кез келген адамды жұмысқа алмайтыны белгілі және өз қызметкерлеріне қойылатын өзіндік  талаптары бар. Мысалы, еңбекқорлық, креативті болу және әдеттен тыс ойлай білу, бірнеше тіл білетін және жоғары технологияларың, компьютерлердің тілін жетік білу.

«The Qazaq Times»