Жақында БҰҰ әйелдердің зорлық-зомбылықтан көз жұмуына қатысты таңқаларлық статистикалық мәлімет жария етті. БҰҰ мәліметіне қарағанда, әлемде күніге 137 әйел жақын туыстарының немесе күйеуінің қолынан қаза табады. Бұл дүниежүзілік орташа статистика.
Мәлімдемеде айтылуынша, 2017 жылы қайтыс болған әйелдердің жартысынан көбі кісі қолынан қаза тапқан. Шын мәнісінде, қастандыққа ұшырап қаза болатын еркектердің саны көбірек. Алайда, мұндай жағдай қаза болған әйелдердің 80 пайызы өз күйеулерінің қастандығына ұшыраған.
BBC арнасы 2018 жылдағы бір күнді таңдап алып, әлемдегі осындай келеңсіз оқиғаларды зерттеп көрді. Нәтижесінде бір ғана 1 қазан күні әлемнің 27 елінде 47 әйел зорлық-зомбылық әрекетінен көз жұмған.
Зерттеу нәтижелері Африка құрлығында мұндай оқиғалардың көбірек болатынын көрсеткен. Алайда, 2017 жылы бұл көрсеткіште Азия құрлығы қара құрлықтан озып шықты. Айталық, былтыр бір жыл ішінде 20 мың әйел өз жақындарының қолынан о дүниелік болған.
BBC зерттеуіне сәйкес, 1 қазан 2018 жылы Латын Америка құрлығында 14 әйел өлтірілген. Олардың екеуі Сальвадор елінде болған. Аталған елдің ресми билігі BBC-ге берген мәліметте, 2018 жылы 300 адам қастандықпен өлтірілгені мәлім болды.
БҰҰ тарабы аталған мәлімдемеде, қауіпсіздік қызметкердің көп жағдайда әйелдердің қастандықпен көз жұмғанынан хабарсыз қалып жататынын айтады. Демек, бұндай қылмыстар ресми статистикадан әлде қайда көп дегенді алға тартады.