ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Жапония арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатоймен кездесу өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды. Осы кездесудің аясында көтерілген тағы бір тақырып – Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Жапония арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл ауқымындағы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжаттың жобасы алдын-ала тараптармен әзірленіп, келісілген болатын.
Қазақстан ішкі саяси және экономикалық мақсатқа сүйене отырып, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерді бірқалыпты шешу үшін халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапонияның әскери ынтымақтастығы даму үстінде. Әсіресе, бұл әскери медицина мен бітімгершілік даярлық ауқымында белсенді байқалады. Аталған бағыттар екі ел қорғаныс ведомстваларының ынтымақтастықты дамытудағы өзара мүддесін көрсетеді.
«The Qazaq Times»