Моңғолия үкіметі отставкаға кетуі мүмкін.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қараша айының 20-ы күні 27 депутат парламент спикері Миеэгонмбын Энхболдқа үкіметті таратуға байланысты хат жолдаған. Хатта халық қалаулылары үкімет мүшелерін Конституцияны бұзды, қызметін асыра пайдаланды және халықтың сенімінен айырылды деп айыптаған.

Моңғолия Конституциясы бойынша, үкіметтің отставкаға кетуі 15 күн қаралады. Министрлер кабинеті парламент мүшелерінің 50 пайызы дауыс берген жағдайда ғана таратылады. Парламентінде 76 депутат бар.

"The Qazaq Times"