New World Wealth консалтингтік компаниясының зерттеу қорытындысы бойынша, ең көп мультимиллионерлер Гонконг қаласында тұрады. Жалпы саны 15 400 адам. Аталмыш ұйым байлардың қай қалада көп тұратындығын анықтау үшін олардың жылжымайтын мүліктерін, вилла мен яхталарын, жеке ұшақтары мен басқа да меншігіндегі заттарды назарда ұстады. Мультимиллионерлер қатарына кем дегенде 10 миллион АҚШ доллары бар байларды жатқызған. Мультимиллионерлердің көбінің таңдағаны АҚШ болған. Зерттеу қорытындысын Еtozhizn сайты жариялады.
Гонконг
15 400 мультимиллионер
Азияның басты қаржы орталығы болып табылатын Гонконг – ресми түрде Қытайдың құрамына кіргенімен, іс жүзінде бұрын-соңды болмаған автономия ретіндегі қала. 15 400 мультимиллионерден басқа мұнда 211 700 миллионер тұрады. Гонконгтың ең бай тұрғындарының барлығы (жалпы есепте) $350 млрд АҚШ долларына ие. Мұндағы ең бай адам Ли Кашин – 86 жастағы бизнесмен, $30 млрд. Сондай-ақ ол Азияның ең бай адамы болып есептеледі. Ол қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын елдегі әртүрлі университеттерге қаржы береді және түрлі апат салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді.
Нью-Йорк
14 300 мультимиллионер
Сондай-ақ, жоғарыдағы мультимиллионерлермен қатар, 319 700 миллионер тұрады. Нью-Йорктың ең бай тұрғыны – Дэвид Кох, Koch Industries аталатын компания оған әкесінен мұрагерлікке берілген, $52 млрд АҚШ доллары. Кох тұрақты түрде 10 млрд доллар медицина саласындағы зерттеу жұмыстарына салып отырады. Оған қоса ол АҚШ-тағы консервативті саяси күштерді қолдап отыратын көрінеді. Одан кейінгі орында $34 4 млрд АҚШ долларына ие, Нью-Йорктың бұрынғы мэрі – Майкл Блумберг тұрады. Оның көпшілікке белгілі Bloomberg аталатын медиаимпериясы бар.
Лондон
9700 мультимиллионер
Ұлыбританияның астанасында 9700 мультимиллионер бар –Гонконг пен Нью-Йорктен аз болғанымен, Лондонда жалпы миллионер саны көп: 395 600. Оның үстіне мұндағы бай адамдардың басым бөлігі – шет елдіктер. Мысалы Лондонның ең бай адамдардың ішінде үнді Лакшми Миттал, Роман Абрамович пен Алишер Усманов есімді орыстар, т.б. Британдық The Sunday Times журналының қорытындысы бойынша, Ұлыбританиядағы ең бай адам – Алишер Усманов, $18,6 млрд. Ол – тегі өзбек, Ресей азаматы. Бір қызығы, 2012 жылы Bloomberg баспасөзінде Усмановты ең бай Ресей азаматы деп таныған. Ал британдықтар оны Лондонда тұратын және қызмет ететін ең бай бизнесмендер қатарына жатқызады. Оның меншігінде «Мегафон» мобилді оператор, «Коммерсант» баспа үйі, mail.ru порталы және т.б. бар.
Мәскеу
7600 мультимиллионер
Ресей астанасында 7600 мультимиллионер және 76 100 миллионер бар. Мәскеудегі ең бай адамдардың көшін Лондонда тұрып жатса да, Усманов Алишер бастап тұр, $18,6 млрд. Одан кейінгі орын Михаил Фридман, $17,6 млрд. Оның «Вымпелком» аталатын мобилді жүйесі бар. Үшінші орында Виктор Вексельберг, $17,3 млрд. Вексельбергтің «Русал» аталатын алюминий компаниясы мен «Ренова» бизнес-тобы бар.
Лос-Анджелес
7400 мультимиллионер
Лос-Анджелес – голливудтық актер, режиссер мен продюсерлерімен танымал, киноиндустрияның астанасына айналған қала. Мұнда 7400 мультимиллионер мен 165 000 миллионер тұрады. Лос-Анджелестің ең бай тұрғыны – қытайлық иммигранттардың баласы Патрик Сун-Шион, $7,2 млрд. Ол – белгілі хирург, ғалым және бизнесмен, фармацевтика индустриясындағы ең бай американдық болып табылады.
«The Qazaq Times»