Қазақстан Илон Масктың зымырандарымен екі бірдей жер серігін ғарышқа ұшырмақ.
Астана қаласында өткен «Digital Bridge» иновациялық форумында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш саласының вице-министрі Марат Нұрғожин жақын уақытта Қазақстан өзінің екі бірдей жер серігін Илон Масктың «SpaceX» компаниясына тиесілі «Falcon 9» зымыранымен ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр. Ұшырылым 19 қараша күні АҚШ-тың Калифорния штатында жүзеге асырылуы тиіс.
Бұдан бөлек Нұрғожин форумға жиналған қауыммен Қазақстан инженерлерінің ғарыш саласында атқарып жатқан жұмыстарымен қысқаша таныстырды.
«Біздің институттар жер бетінде ғарыш технологияларын пайдалануға арналған бірқатар құрылғылар құрастырды. Бұл спутниктік байланыс пен навигация сияқты құрылғылар. Айта кететін бір жайт, біз биыл салмағы 6 тонналық ғарыш аппараттарын құрастырып, сынақтан өткізетін комплекстың құрылысын аяқтаймыз. Былтырғы жылы біз арнайы технологиялық-құрастыру бюросын іске қосқанбыз» - деді Нұрғожин.
Бұған дейін БАҚ беттерінде жақын уақытта Қазақстанның ғарышқа екі бірдей жер серігін ұшыратындығы жөнінде ақпарат тараған. Оның бірі жерді қашықтықтан бақылайтын микроспутник болса, екіншісі жер шарының иносферасын зерттеуге арналған жер серігі.