Жамал Хашоггидің азапты өлімі Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның ішкі элитадағы беделін әлсіретіп жіберді.  Бұл туралы «Washington Post» газеті мәлімдеді.

Баспасөз бетінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі таңда Эр-Риядтағы ханзада отбасында Мұхаммедтің орнын алмастыруды амалын қарастыруда.

Ахмет бин Абдул-Азиздің Лондоннан туған жеріне оралуы, Сауд Арабиясының тақ мұрагерін өзгертуі мүмкін екендігіне тағы да дәлел болғандай. Сондай-ақ тағы бір нұсқа, егер Мұхаммед Салман өзінің орынында қалатын болса, онда халықаралық аренадағы билігін жоғарғы лауазымды туысымен бөлісуі әбден мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп Салманның ең басты жақтастарының бірі екендігі көпке мәлім. Алайда, Түркия жеріндегі оқиғадан кейін, Трамптың да Эр-Риядқа қарсы пікір білдіргендігінен, Америка жеріндегі абыройына нұқсан келгенін көруге болады. Сол секілді Сауд Арабиясын бірнеше абыройлы республикалықтар мен демократтардың да қолдаудан бас тартқандығы белгілі.

Еске сала кетейік, Жамал Хашогги 2 қазанда Ыстамбұлдағы Сауд Арабия консулдығында ізім-ғайым жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң марқұмның денесі қала маңынан табылды. Өткен аптада Сауд Арабиясы Хашоггиді консулдықта «қылқындырып өлтіргенін» мойындап, халықарлық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады. Осыдан кейін «Хашогги ісіне» қатысы бар он сегіз адамды тұтқынға алдынды және жоғары шенді бес кеңесші лауазымынан айырылды.

"The Qazaq Times"