Кеше, 25 қазан «Шекарасыз журналистер» ұйымы мәлімдеме таратып, Қытайдың өткен аптада шығарған АҚШ-тың Бейне бақылау индустриясының IPVM веб-сайтында (IP Video Market / IP бейне нарығы) шектеу қоюын айыптады. Осыдан бұрын аталған сайт Қытай үкіметінің Шынжаңда жергілікті тұрғындардың жүріс-тұрысын қатаң бақылайтын бейне камераларды көптеп қойғанын хабарлаған болатын.
«Шекарасыз журналистер» ұйымының мәлімдемесіне қарағанда, Қытай билігі 19 қазан күні IPVM-тың сайтына шектеу қойған және бұл туралы Гавайида орналасқан сайт басшылығына ешқандай ескерту немесе түсініктеме бермеген. Аталған ұйымының айтуынша, Қытай үкіметінің аталған сайтты шектеуінің себебі, жазда Қытайдың Hikvision және Dahua сынды екі технологиялық компаниясының Шынжаңдағы бақылау құрылғыларымен қамтамасыз еткенін жазған. Аталған хабарда, Шынжаңдағы «Үйрену лагерлерінде» 1 миллионға жуық аз санды ұлт өкілдері қамауда отырғаны да айтылған.
«Шекарасыз журналистер» ұйымы Шығыс Азия бөлімінің директоры Кедрик Алвианидың айтуынша, аталған веб-сайт жабылғандықтан, Қытайдағы тұрақты журналистері Бейжіңді тіпті де тереңірек түсінетін, сондай-ақ, өзін және ақпараттарды қорғайтын мүмкіндіктерінен айырылған.
Халықаралық ұйым Қытай үкіметінің бұл ісі, Бейжіңдегі тоталитарлық биліктің күшеюінен дерек береді деп қарайды. Сонымен бірге, ол ақпараттың еркін ағындарын бұғаттап, адам құқықтарының бұзылуын жауып тастаудың зор мүмкіндігі екенін айтады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес